«Тең мүмкіндік» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері – Інжу Рахманбек. Ол 207 мектеп-лицейдің 4-сынып оқушысы. Инновациялық мектеп балаларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетіп, шығармашылық әлеуетін дамытып, еңбекке баулумен қатар, музыка, би сабақтарына да ерекше ден қояды. Содан болар Інжу көптеген байқаулардың жеңімпазы, мектептің мақтанышы. Ол ән айтып, би билеп сыныптастарын ғана емес, барша мектептің оқушылары мен мұғалімдерін өнерімен тәнті етті. Осы өнерінің арқасында ол өзіне сенімді, мықты тұлға болып жетіліп келеді.