Шымкенттегі гүлдер аллеясында сауда нысандарына арналған эскиздік жобаларды анықтау конкурсы гүл саудасы мен флористика бағытындағы шағын бизнесті қолдау мен дамыту бағытында өткізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Конкурс мақсаты — гүл саудасын дамыту, шағын бизнесті қолдау. Қатысуға Шымкент қаласында тіркелген кәсіпкерлер шақырылады.

Ұсынылатын жобалар — киоск немесе павильон түріндегі сауда нысандары. Қажетті құжаттар:

– Өтінім (белгіленген үлгіде);

– Эскиздік жоба;

– Бизнес-жоспар;

– Бизнес тіркелгенін растайтын құжаттары.

Өтінімдер қабылдау мерзімі – 26 мамыр-04 маусым аралығы (10 күнтізбелік күн). Айта кетсек, бір қатысушы бір немесе бірнеше сауда орнына эскиздік жобалар ұсына алады.