Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төрт күндік жұмыс аптасын енгізу қазақстандықтардың жалақысына қалай әсер етуі мүмкін екенін түсіндірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрліктің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті басқармасының басшысы Шалқар Оразбековтің айтуынша, Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасын енгізуге 2015 жылдан бастап рұқсат етілген.

"2023 жылы Әлеуметтік кодекс аясында да төрт күндік жұмыс аптасының мүмкіндігі белгіленді. Ал жалақыға келсек, сіздерге белгілі, Еңбек кодексіне сәйкес жалақы орындалған жұмыс көлеміне пропорционалды түрде төленеді. Тиісінше, егер аптадағы жұмыс күндерінің саны қысқартылса, онда жалақы да соған сәйкес қысқарады", – деді Оразбеков Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Сонымен қатар, егер жұмыс беруші жұмыс күндерінің саны азайғанына қарамастан, бес күндік жұмыс аптасындағы жалақы көлемін сақтап қалса, бұл заңұзушылық болып саналмайды және Еңбек кодексіне қайшы келмейді, – деп қосты басқарма басшысы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget