Бангладештің астанасы Даккада әскери-әуе күштерінің ұшағы мектеп пен колледждің кампусына құлап, қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ресми мәліметке сүйенсек, кемінде 19 адам мерт болып, тағы 150-ге жуық адам түрлі жарақат алды. Олардың басым бөлігі — 9 бен 18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер.
Дәрігерлердің айтуынша, 70-тен аса адам ауыр күйік және жарақатпен Даккадағы ауруханаларға жеткізілді.
Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 12 минут өткенде апатқа ұшырағаны хабарланды.