Перизат Қайраттың ісінен соң, белгілі блогер, қайырымдылық қорының жетекшісі Ырысбала Икрамбайдың да басы дауға ілікті.

Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Халық блогерді шұғыл тексеруді талап етуде.

«Айналайындар, жәрдемақының өзін адам санына, адам санына шаққандағы кірістер сомасына қарай реттеймін деп жатқан Үкімет, сендердей ақымақ емес екен…

Сен 50 млн-ға өзіңе бірдеңе сатып алшы, ең бірінші сенің банк шоттарын бұғатқа қойылады. Сосын кіріс көзінің қайдан келіп жатқанын қағаз жүзінде дәлелдеу керек. Ол төлеп жатқан табыстан сен салық төлеп жатырсың ба, декларация толтырып жатырсың ба, соның бәрін тексереді.

Сендер ойламаңдар, бәрі ақымақ, босқа отыр деп. Сендерсіз де бәрін тексеріп барып, шотымызды ашып, содан кейін барып атымызға дүние-мүлік жазылып жатыр», — деп ашынды блогер.