Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «AMANAT» партиясы Павлодар қаласында еңбек адамдарымен жүздесті, деп хабарлайды 24KZ. Келелі кездесуге «Қазэнергокабель» АҚ бастауыш партия ұйымының мүшелері де қатысты.

Жиында жұмысшылар өздерін толғандырған түйткілдерді талқылады. Бұл қатарда еңбек жағдайын жақсарту, кәсіби білім мен қайта даярлау мүмкіндіктері, тұрғын үймен қамтамасыз ету сынды мәселелер бар. Сондай-ақ шара шеңберінде кәсіпорынның бірқатар қызметкерлері арнайы марапатқа ие болды. Оларға ұзақ жылға табанды еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі мен өндіріс саласының дамуына қосқан өлшеусізүлесі үшін алғыс берілді.