Ақтауда жұмысшы жастар арасында шағын волейболдан жарыс өтті. Турнир «Жұмысшы мамандықтар жылы — жаңа мүмкіндіктерге жол ашу» атты әлеуметтік жоба аясында ұйымдастырылған. Мақсат – жұмысшы жастарды салауатты өмір салтына баулып, ұжымдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Жарысқа облыстағы өндіріс орындарынан барлығы 16 команда қатысты.
Данияр Жұбанысов, жарысқа қатысушы:
Командалардың дайындығы өте керемет. Бірінші ойында өте мықты қарсылас болды. Әрең дегенде жеңісті алдық. Келесі ойынға одан да мықты қарсыластар түседі деп ойлаймын. Мекеме атынан аптасына 2 рет спорттық жаттығуларға қаржы бөлінеді. Спорттық комплектер жалданады. Өте керемет бағдарлама ұйымдастырылады.
Аягөз Оралбайқызы