Алматы облысы Талғар ауданындағы Маралсай шатқалына құлап кеткен әйелді ТЖМ әскери қызметкерлері тауып алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

28237 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында механикаландырылған патруль бағытымен жүріп келе жатқан кезде шатқалдан көмекке мұқтаж әйелді байқаған.

"Патрульдеу кезінде көмекке мұқтаж адам анықталды. 1986 жылы туған азаматша абайсызда құздан құлап кетіп, өздігінен шыға алмаған. Кезекші нарядтың күшімен зардап шеккен әйел қиын жерден дереу шығарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", – деп мәлімдеді ТЖМ.

Құтқарушылар ықтимал ауыр зардаптардың алдын алғанын атап өтті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget