Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Дамир Буданбеков Астанада өткен World Boxing ұйымының Әлем кубогі кезеңінде шаршы алаңға шыққан боксшыларға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

Екі боксшы да финалға дейін жетті, бірақ екеуі екі түрлі нәтиже көрсетті.

"Нұрбек шаршаған. Оның шаршағанын көздерінен-ақ білуге болады. Соңғы кезде көп жарысқа шықпады, мұның да әсері бар. Нұрбек әлі жиналады деп ойлаймын. Айбекке келер болсақ, аса ауыр салмақта сенімді жұдырықтасу үшін оған әлі де пісу керек. Жетілу керек. Масса жинағаны көрініп тұр. Олимпиадаға дейін үш жыл бар, бәрі реттеледі", — деді Буданбеков Sportbugin порталына берген сұхбатында.

Еске салайық, Айбек Оралбай 90 келіден жоғары салмақта алтын жеңіп алды. Оның егізі, 2024 жылғы Олимпиаданың жүлдегері Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі финалда франциялық Иожерлен Сезардан сенсациялық түрде жеңілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget