Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің Ұлттық күніне орай Ұлы Герцог Анриге құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент Люксембург халқының бірлігі мен ортақ мұратын, сондай-ақ елдің қаржы, цифрлық инновация мен жасыл технологиялар салаларындағы елеулі табысын паш ететін аталған мейрамның символдық мәніне назар аударды. Жазбада Ұлы Герцог Анридің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Люксембург халқына бақ-береке тіледі.