Ақтөбе облысында 10 жасар бала саябақ аумағында тоққа түсіп қалды. Оқиға кеше Шалқар қаласында болған.
Оқушы мамыр айында ғана қолданысқа берілген нысан аумағындағы көше шамдарының біріне шыққан. Сол сәтте оны тоқ ұрған. Мамандар оқиға болған жерден ашық қалған тоқ көзін таппаған. Қазір баланың жағдайы ауыр. Санавиациямен облыс орталығына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Қажетті ем-дом жасалып жатыр. Аудан басшылығының сөзінше, кінәсі анықталса, саябақ құрылысын жүргізген мекеме жауапқа тартылуы мүмкін. Оқиғаға қатысты тескеріс жүріп жатыр.
Қаржаубай Қалжан, Шалқар қаласы әкімінің орынбасары:
Ол Шалқар қаласы Үргенішбаев көшесінде орналасқан ескерткіш қоршауына, жарықшамға өрмелеп шығып, ойнап жүрген кезде тоққа түсіп қалған. Жедел жәрдеммен Шалқар қаласы ауруханасына жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілді.
Жақсыбек Кемал