Air India әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатынан қаза тапқандарды тану жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Үндістанның Ахмедабад қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты құрылған арнайы топтың патологоанатом және сот-медициналық сарапшылары бүгінге дейін 274 адамның ішінен 87 марқұмның сүйегін анықтады. Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлады.
Сонымен қатар, 47 марқұмның денесі туыстарына беріліп, жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру үшін жөнелтілген. Қазір Патель мен тану тобындағы өзге де мамандар Ахмедабадтың азаматтық ауруханасында жұмысын жалғастыруда.
Телеарна мәліметінше, қазіргі таңда медициналық сарапшылар қаза тапқандардың 230 туысынан ғана ДНҚ үлгілерін жинай алған, ал аурухананың мәйітханасында 274 адамның сүйегі сақтаулы.
Айта кетейік, Ахмедабадтан ұшып шыққан әуе кемесі Лондонға бағыт алған еді, алайда апатқа ұшырады. Ол жатақхананың үстіне құлаған.