Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі Ираннан эвакуацияланған қазақстандықтарға гуманитарлық көмек көрсетілгенін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сай, Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ел шетелдік дипломаттар мен олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ қазіргі уақытта Иранда жүрген басқа да азаматтарға өз аумағы арқылы еліне оралуға мүмкіндік берген.
"Бүгінгі таңда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа да елдерден 120-ға жуық адам Түрікменстанның мемлекеттік шекарасын өткізу пункттері арқылы кесіп өтті.
Келгендер көлікпен, азық-түлікпен, қонақүйлермен және қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Түрікменстанның тиісті мемлекеттік органдары шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен және халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта", — делінген хабарламада.