АҚШ-та қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды 24kz.

Өйткені бүгін бүкіл ел аумағында президент Дональд Трампқа қарсы жаппай ереуіл өтеді деп жоспарланған. Олар АҚШ әскерінің құрылғанына 250 жыл толуына орай ұйымдастырылады. Бүгін АҚШ аумағында 2 мыңдай шеру өтіп, оған миллондаған адам қатысады деген болжам бар. Тіпті Колумбия, Германия, Ұлыбритания секілді елдерде де митинг өткізу жоспарланған. Оған 100-ден аса ұйым жауапты. Ал Ақ үй әкімшілігі АҚШ әскерінің құрылғанына 250 жыл толуына орайластырылған парад кезінде кез келген шеруге қарсы күш қолданатындарын ескертті.