Президент Дональд Трамп билікке келгелі АҚШ-та көші-қон заңы мейлінше күшейтілді. Құрама Штаттарына заңсыз келімсектердің көбі Мексика арқылы кіреді.
Сондықтан Ақ үй басшысы әуелі осы елмен шекарада төтенше жағдай режимін енгізіп, қорған тұрғызу бойынша құрылысты жеделдетуді тапсырды. Заңсыз мигранттарды депортациялау рейстері іске қосылды. Көш-қон полициясы қызметкерлерінің құзыреттері кеңейтілді.
Сондай-ақ жуырда Дональд Трамп Иран, Ливия, Ауғанстан секілді 12 елдің азаматына елге кіруге мүлде тыйым салды. Ақ үй басшысы мұны ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет шара деп түсіндірді.
АҚШ-қа кіруге тыйым салынған елдер
1. Ауғанстан
2. Мьянма
3. Чад
4. Конго Республикасы
5. Гвинея
6. Эритрея
7. Гаити
8. Иран
9. Ливия
10. Сомали
11. Судан
12. Йемен