Бүгінде Қазақстан колледждері металлургия, машина жасау, көлік , энергетика, IT, құрылыс және инженерия сияқты экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша мамандар даярлауда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша елдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін 170 мыңнан астам студент тәмамдайды. Олардың ішінде 123 мыңы – жұмысшы мамандықтары бойынша, 27 мыңы – дуалды оқыту жүйесі арқылы, ал 10 мыңнан астамы – кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша білім алды. Жұмыспен қамту көрсеткіші 81%-ды құрады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы 1 қыркүйектен бастап сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша оқыту толықтай тегін болады. Мемлекеттік гранттардың 70%-ы дәл осы техникалық бағыттарға бөлінеді. Бұдан бөлек, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша шамамен 10 мың студент білім алады, — делінген мәліметте.