Астанадағы автобус апаты кезінде екі аяғынан айырылған 7 жастағы қыз баланың мүгедектігі расталған соң, мемлекеттен жәрдемақы беріледі. Бұл туралы жаңадан тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай айтты. Ай сайын берілетін жәрдемақының мөлшері белгісіз.
Еске салсақ, кеше қала әкімдігі жеке демеушімен бірлесіп, Алуа Бекеннің отбасына елордадағы жаңа тұрғын үй кешенінен 4 бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады. Баспана қазан айында пайдалануға беріледі.
Асылбек Данияр