Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
"Шешім қабылданғанда нақты деректер, жаңартылған болжамдарды талдау, инфляция қаупінің балансын бағалау көрсеткіштері ескерілді", — деп жазылған хабарламада.
Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімі 11 шілдеде Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Базалық мөлшерлеме деген не?
Базалық мөлшерлеме — коммерциялық банктерге Ұлттық банк қысқамерзімді несиелер беретін және коммерциялық банктерден депозиттер қабылдайтын пайыздық мөлшерлеме. Ол азаматтарға берілетін несиелер бойынша мөлшерлемені белгілеуде маңызды рөл атқарады, елдегі инфляция деңгейіне де әсер етеді.
Қарапайым тілмен айтқанда, базалық мөлшерлеме — ел экономикасы мен банк секторы үшін негізгі бағыт. Оның мөлшерін Ұлттық банк белгілейді: арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, базалық мөлшерлеме — елдің ақша-несие саясатының негізгі құралы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!