Газа секторына гуманитарлық көмек тарату қоры бір тәулікке қызметін уақытша тоқтатты. Оған қордың жұмысына қатысты жанжал себеп.

Мұнда бірнеше күн ішінде тегін тамаққа кезекте тұрған ондаған бейбіт тұрғын Израиль әскерінің атысынан қайтыс болған. Еврей елінің қарулы күштері: «Палестиналықтарды әдейі көздегеніміз жоқ», – дейді. Күдіктілер кезекте тәртіпті бұзғандықтан оқ атқандарын айтады. Қордың жұмыс істегеніне бірнеше күн ғана болды. Бірақ көмекті тарату бойынша арнайы тәртіп жоқ. Енді ұйым өкілдері бір күнге үзіліс алып, сол олқылықты жоюға ниетті.