Биыл оразаның алғашқы күні келін түсірген Ақбота Керімбекова ұлы Ақанның тойын жасады. Әнші туған-туыстарының, өнердегі достарының басын қосып, айтулы күнді ерекше етіп өткізген, деп хабарлайды "Той думан" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Телеарна тілшісінің хабарлауынша, ашық аспан астында өткен тойдың ерекшелігі қонақтардың барлығы дерлік бірдей қызыл түсте киініп келген.
Әншінің айтуынша, ұлының өміріндегі маңызды күнді ерекше өткізгісі келген.
"Әрбір ата-ананың арманы – балаларының бақытты болғаны. Өмірлеріндегі қуанышты күнді қолдан келгенше әдемі жасағым келді", — дейді Ақбота Керімбекова.
Ал тойдағы неке қию рәсімін әнші Айгүл Иманбаева жүргізген. Айтуынша, құрбысы Ақбота қолқа салған.
"Өмірімде неке қию рәсімін жасаған адам емеспін. Ақбота қолқа салды "Айгүл, өзіннің кіндік балаң ғой деп", әжептәуір дайындалдым", — дейді актриса.
Өз кезегінде желі қолданушылары жастарға бақыт тілеп, Ақбота Керімбекова жылы лебіздерін жазып жатыр.
Айта кетейік, биыл көктемде Ақбота Керімбекованың екінші ұлы Ақан ақ құсын қолын қондырғанын, әнші оразаның алғашқы күнінде беташар тойын жасағынын жазған едік.