Қазақстан мен Қытай басшыларының стратегиялық басшылығымен екі елдің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы ынтымақтастығы ұдайы тереңдей түсуде, өңірлік өзара байланыстардың құрылысы жемісті нәтиже беріп отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ақтауда Транскаспий халықаралық көлік бағытын («Орта дәліз») дамытуға бағытталған бірқатар ынтымақтастық келісімдеріне қол қою рәсімі өтті. Бұл шара екі елдің кәсіпорындары үшін аймақтық логистикалық хабтардың әлеуетін арттыруда және Азия мен Еуропа арасындағы ірі сауда дәлізінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды қадам болып табылады.
Бұл маңызды құжатқа қол қою мемлекет басшыларының өзара байланысты тереңдету және «Орта дәлізді» бірлесіп құру жөніндегі маңызды консенсусты жүзеге асырудағы тағы бір нақты қадам болып отыр. 2024 жылы 3 шілдеде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция арқылы Қытай-Еуропа Транскаспий көлік бағытының ашылу салтанатына қатысып, Еуразия құрлығын байланыстыратын жаңа артерияға қуатты серпін берген болатын. Осы тұрғыда Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан Маңғыстау облысы және оның маңызды Ақтау, Құрық порттары мен Ақтау халықаралық әуежайы «Орта дәліздің» негізгі түйіндері ретінде стратегиялық маңызы артып келеді.
Салтанатты және достық жағдайда «HPF» АҚ (Қытайдың жетекші интеграцияланған логистикалық қызмет провайдері) төрағасы Чжан Цзиню мырза мен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы «Транскаспий орта дәлізі жобасы бойынша ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге» қол қойды.
Келісімге сәйкес, тараптар ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнатуға, өңірлік логистикалық хабтар ретінде Ақтау, Құрық және Ақтау халықаралық әуежайы порттарының кешенді сервистік мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігін бірлесіп арттыруға, мультимодальды көлік бағыттарын оңтайландыруға және Қытай, Орталық Азия, Кавказ, Түркия, тіпті Еуропа арасындағы сауда мен экономиканың дамуына ықпал етуге ұмтылатын болады. Ынтымақтастық ауқымы мультимодальды көлік қызметтерін, қоймалау мен таратуды, жеңілдетілген кедендік ресімдеуді, ақпараттық технологиялар мен цифрландыруды, сондай-ақ жобаларға әлеуетті инвестицияны қамтиды.
Осы ретте Қазақстандағы «HPF» АҚ еншілес ұйымы болып табылатын HPF KZ бас директоры Яо Шаоцзюнь мырза, Құрық портының бас директоры Серік Ахметов (немесе оның уәкілетті өкілі) мырзамен және «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ Бас директоры Меруерт Жолдыбаевамен ынтымақтастық туралы тиісті меморандумдарға және көліктік қызмет көрсетуге арналған келісімшарттарға қол қойды.
Осы келісімдерге қол қою «HPF» АҚ және оның еншілес компанияларын халықаралық логистика және жеткізу тізбегін басқару саласындағы бай тәжірибесі мен кәсіби мүмкіндіктерін Қытайды Еуропа/Орталық Азиямен байланыстыратын әуе, теңіз және құрлық мультимодальды маршруттар мен шешімдерді бірлесіп әзірлеу және пайдалану, тұтынушыларға тиімдірек және ыңғайлы логистикалық қызметтермен қамтамасыз ету үшін белсенді түрде ынталандырады.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы өз сөзінде бұл ынтымақтастықтың маңыздылығын жоғары бағалап, облыс әкімдігінің жобаларды табысты жүзеге асыруға белсенді түрде қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасайтынын баса айтты. Ол бірқатар келісімдерге қол қою Маңғыстау облысының дамуына жаңа мүмкіндіктер әкеліп, оның халықаралық логистикалық хаб мәртебесін көтеріп қана қоймай, Қазақстанның «Бір белдеу, бір жол» құрылысына терең атсалысып, ұлттық экономиканы әртараптандыруға ықпал ететінін айтты.
«Қазақстан – «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бастау алған жері, сонымен қатар бұл еуразиялық континентті байланыстыратын маңызды көпір. «HPF» АҚ Транскаспий халықаралық көлік маршрутының осы тарихи жобасына қатысқанын мақтанышпен санайды. Біз Ақтау және Құрық порттарымен, әуежаймен тығыз ынтымақтастық орната отырып, бірлескен жобаларды сәтті жүзеге асырала алатынымызға сенімдіміз. Яғни, барлық тараптардың артықшылықтарын толығымен пайдалана аламыз, сондай-ақ бірлесе отырып, тиімді, ыңғайлы және сенімді халықаралық логистикалық дәлізді кедергісіз құрамыз, тек Құрық порты арқылы ай сайын кемінде 200 жүк көлігі өтеді деп күтілуде, ал еуропалық бағыттағы әуе тасымалын ескере отырып, бұл 12 миллиард АҚШ долларын құрайтын экономикалық тұрғыда тиімді табыс әкеліп, Қытай арасындағы сауда-саттыққа және жаңадан жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндіктер туады, бұл екі ел үшін өте тиімді болары сөзсіз», деді «HPF» АҚ Басқарма төрағасы Чжан Цзинью.