Астанада маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралар қарсаңында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Осыған байланысты Ұлттық ұланның №5573 әскери бөлімінде полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздарының жалпы гарнизондық саптық жиыны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.


Іс-шараға Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов және ІІМ Арнайы күштер мен жедел басқару департаментінің бастығы Сабыр Жүсіпбеков қатысты.

Жиынның мақсаты – жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау бойынша дайындығын тексеру.

Зейнетақы шегін көтеру жобасы қоғамдық талқылауда қолдау таппады

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне елорда аумағындағы қауіпсіздікті күшейту, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету, жолдағы қауіпсіздік деңгейін арттыру және тұрғындар арасында профилактикалық жұмысты жандандыру жөнінде нақты міндеттер жүктелді.

Сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындардағы тәртіпті қамтамасыз етуге және тұрғындармен сыпайы, мәдени қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударылды.

Еске салайық, бұған дейін қоғамдық орындарда тұмшаланып жүру туралы Алматы полициясының мәлімдемесі жарияланған еді.