Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 32 жасқа толды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі туған күніне орай Instagram парақшасында түрлі торттармен түскен екі видеосын жариялады.

Әншінің әлемнің әр түкпіріндегі жанкүйерлері әлеуметтік желіде жылы лебіздерін жаудырып, мерекемен құттықтады.

Пікір қалдырушылар Димашқа ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық және шығармашылық табыс тіледі.

«Туған күніңмен! Қазақ халқының жарық жұлдызы бола бер! Әнің әлемді тербетсін!»

«Қымбатты Димаш, туған күнің құтты болсын! Алла сені тіл-көзден сақтасын!»

«100 жасқа дейін жасап, өнеріңмен әлемді бағындыра бер!»

«Туған күніңмен, біздің сүйікті әртісіміз! Бақыт пен қуаныш тілейміз!» – деп жазды тыңдармандары.

Желі қолданушылары әншінің жаңа видеоларына мыңдаған пікір қалдырып, ақжарма тілектерін арнаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen CZECH FANS

Related to this topic:

Latest to this topic:

Жаршы