Шараға 200-ден астам әуесқой велоспортшы қатысты.


Жеңіс күніне орай Алматыда бұқаралық велошеру ұйымдастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Велошеру қаланың орталық көшелері арқылы өтті. Қатысушылар сапарын "Нұрлы Тау" бизнес орталығынан бастап, әл-Фараби даңғылы, Саин, Рысқұлов даңғылдары, Шығыс айналма жолы, Төле би, Қонаев және Гоголь көшелерімен жүріп өтті. Велошеру 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта мәресіне жетті.

Жалпы маршрут ұзындығы 40 шақырым болды.

Іс-шара соңында қатысушылар Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.