12-17 мамыр аралығында Алматы қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы өтеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен 800-ден аса балуан жүлдеге таласады.

Бұл турнирге халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар да қатысады. Бәсекенің негізгі мақсаты — алда өтетін ірі халықаралық додаларға ұлттық құраманы жасақтау.

Алғашқы медальдар грек-рим күресінен сарапқа салынады. Одан кейін жарыс жолына әйелдер шығады. Турнирді еркін күрес балуандары аяқтайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget