Кипр үкіметі өз еркімен Отанына оралған Сириялық мигранттарға ақшалай сыйақы береді. Бұл туралы елдің көші-қон жөніндегі министрінің орынбасары мәлімдеді. Кипрден Сирияға қайтуға келіскен ересектерге 2 мың еуро, әр балаға мың еуродан бір реттік демеуқаржы тағайындалмақ. Сондай- ақ, әр отбасының бір асыраушысына аралда қалып, үш жыл еңбек етуге рұқсат беріледі. Биліктегілер, қаржылай көмектің арқасында Сириялықтар еліне оралып, экономикасын көтеруге үлес қосады-деген сенімде. Былтыр Кипр үкіметінен 4 мыңнан аса Сирия азаматы бассауға сұраған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда он есе көп.
Нұрсұлу Қасым