«Отбасы банк» алдағы мерекелік күндерге байланысты банктердің серіктес жүйелері арқылы депозитті толықтыру және несиені өтеу операциялары бойынша қаражаттың есепке алыну тәртібі өзгеретінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.


Төлемдердің есепке алыну уақыты:

– 2026 жылғы 30 сәуір, 1 және 2 мамыр күндері сағат 21:10-ға дейін жасалған төлемдер 30 сәуір 2026 жылы есепке алынады;

– 2 мамыр күні 21:10-нан кейін жасалған төлемдер және 3 мамырдағы операциялар 2026 жылғы 4 мамырда есепке түседі;

– 7 мамырдағы төлемдер 2026 жылғы 8 мамырда есепке алынады;

– 9 мамыр күні сағат 21:30-ға дейін жасалған төлемдер 8 мамырда есептеледі;

– 9 мамыр 21:30-дан кейінгі, сондай-ақ 10 және 11 мамыр күндеріндегі төлемдер 2026 жылғы 12 мамырда өңделеді.

Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты

Қаржылық операцияларды жоспарлау кезінде осы кестені ескерген жөн.