Балаларға арналған "Айгөлек" журналының негізін қалаушы Қымбат Әбілдәқызының басы дауға қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде балалар журналына жарияланған материалдардың мазмұнына қарсы шу шыққан.

Ақын, журналист Дариға Нұрашева осыған қатысты төмендегідей жазба жариялаған.

Балалар журналына тозақ, жер астындағы өліктің дауысы туралы материалдар жарияланыпты.

“Топырақтың астында не көп?
Не болушы еді — өлік те!
— Жоқ, өлік емес, өліктердің жан дауысы!” деген шығармалар жүр, — деді ақын.

“Айгелектің” ішіндегі мұндай масқара дүниелерді Тортуыл Шоқан да мәселе ретінде көтерген.

“Біз «балаңды дұрыс тәрбиеле, замануи білім мен ғылымға бағытта» деп діңкеш ата-аналар мен шаршамақтасып жүрсек, «Айгелек» журналы балалар жүрегіне «ислам нұрын» төтесінен төгіп жатыр екенғой, ә? Мұхаммедтің қызы Фатиманы «Күйеуің Әли екеуің Абу Бакрды халиф деп мойындамадыңдар, ант бермедіңдер...» деп тепкілеп өлтірген озбыр Омар ибн Хаттабты «жеке шаруам-мемлекеттің ісі емес, өзімнің май шамымды жағып қараймын» дегізіп балаға сіңіру адамгершілік пе? «Айгелек» журналы бас редакторы Қымбат Әбілдина «Құдай алдында күнәлімін» десе діни журнал ашсын да, жассын ойындағысын. Ал балаларға арабтың озбырларын емес, қазақтың игі жақсылары тарихынан үзінділерді жазсын”, – дейді Тортуыл Шоқан.

Осы тұста желі қолданушылары өз пікірлерін қарша жаудырды.

"Жауапқа тарту керек, бұл ұлтқа жасалып жатқан қастандық", "Айгөлек" балалар журналы. Мұндай тақырыптар бала түгілі үлкен азамат, азаматшаларды адастыратынына бір емес мың рет куә болғанбыз. Басылымдар тексеріліп барып шығарылу керек", "Астыртын насихатқа жақын", "Балалар мұны қайдан түсінсін", деді олар.