16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр. Биыл мереке сейсенбіге түсіп тұр, сондықтан ел тұрғындарын апта ортасында демалады. Бұл күнді үйде отырмай, сыртта өткізуге жақсы себеп — қалаларда спорттық, мәдени және ойын-сауық шаралары жоспарланған. Massaget.kz тілшісі Астана мен Алматыдағы іс-шаралар топтамасын жинады.

16 желтоқсанда Астанада қайда баруға болады?

Астанада Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерттер, сондай-ақ, мәдени және қоғамдық іс-шаралар жоспарланған. Қала әкімдігінде биыл дрон-шоу мен отшашу өткізілмейтінін нақтылады.

09:00 — Archer клубында садақ атудан Астананың ашық кубогы өтеді;
10:00-ден бастап — Ұлттық музейде Қазақстанның тарихы мен табиғатына, ежелгі қытай қолданбалы өнеріне және этнографияға арналған көрмелер жұмыс істейді. Кіру — билетпен;
18:00 — Мемлекеттік драма және комедия театрында "Сәйгүлік" спектаклі қойылады;
19:00 — Carlin Stand Up Bar-та жергілікті комиктердің стендап-концерті өтеді: Мадина Байболова, Жамбыл Күлдеев, Слава Клочков және Абай Жеңісов. Кіру — билетпен;
20:00 — Harat’s Irish Pub EXPO-да квиз өтеді. Сұрақтар түрлі тақырыпта, 7 раунд, шамамен 60 сұрақ және 2 сағаттан аса ойын. Кіру — алдын ала броньмен.

16 желтоқсанда Алматыда қайда баруға болады?

Алматы әкімдігінде Тәуелсіздік күні қарсаңында және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының 39 жылдығына орай Тәуелсіздік монументі мен "Тәуелсіздік таңы" ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтетінін хабарлады. Оған қала басшылығы, депутаттар, қоғам өкілдері және 1986 жылғы оқиғаларға қатысушылар қатысады.

Бұдан бөлек, қалада тағы бірқатар іс-шара жоспарланған:

09:00 — "Яблоко" шығармашылық академиясы ақ саздан жаңа жылдық мүсіншелер жасау бойынша шеберлік сабағын өткізеді. Кіру — билетпен;
12:00 — "Игра" театры "У ковчега в 8" отбасылық спектаклін ұсынады. Кіру — билетпен;
17:00–23:05 — Open Cinema Almaty ашық аспан астындағы кешкі кино көрсетілімдері өтеді. Барлығы 4 фильм көрсетіледі: "Тайна Коко", "Сумерки 1 часть", "Мальчишник в Вегасе", "Астрал".

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget