Үстел теннисінен қазақстандық төреші, ең жоғары халықаралық санаттағы маман Тимур Ходжаев 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарында төрелік етеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жазғы Азия ойындары 2026 жылы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Үстел теннисінен төрешілер құрамына халықаралық санаттағы Blue Badge төрешісі Тимур Ходжаев (Қарағанды) енді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық төреші Азия чемпионаты мен басқа да ірі халықаралық жарыстарда қызмет атқарған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget