Алматы әуежайына кіретін негізгі жол бір аптаға жабылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
4-11 желтоқсан аралығында Б.Майлин көшесінен әуежай аумағына кіретін негізгі жолда асфальт төсеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"Осыған байланысты уақытша 1-кіру және 2-шығу жолы жабылады. Қалған кіру және шығу жолдары қалыпты режимде жұмыс істейді. Әуежайға барар жолыңызда осы ақпаратты алдын ала ескеруіңізді сұраймыз", — деп жазылған Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарламасында.
Әуежайдың баспасөз қызметі
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!