Газа секторында қақтығыс басталғалы бері 70 117 адам қаза тапты. Бұл туралы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Кейінгі 48 сағат ішінде медицина мекемелеріне тағы 5 адамның мәйіті мен 13 жаралы жеткізілді. Ұйымның мәлідеуінше, қазан айында атысты тоқтату туралы келісім күшіне енгенімен, одан кейін де 360 адам қаза тапты. 922 адам жараланды. Қазір аймақтағы жағдай қиын. Гуманитарлық дағдарыс жалғасып жатыр. Медициналық көмек әлі де шектеулі.