Әлеуметтік желіде сағат 00:00-ден кейін жол жүру кезінде көлік жылдамдығын сағатына 66 км жылдамдыққа дейін арттыруға рұқсат етілді деген мазмұндағы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі (ІІМ) мұндай мәлімет шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
ІІМ мәліметінше, жол-көлік қозғалысына байланысты ешқандай өзгеріс енгізілмеген.
Елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін рұқсат етілген стандартты жылдамдық – сағатына 60 км. Ал жол бойындағы камералар жылдамдық сағатына 70 км немесе одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайды.
«Тексерілмеген хабарламаларға сенбеңіздер, ресми ақпаратқа жүгініңіздер. Жол жүру қағидаларын сақтап, мұқият болыңыздар», делінген министрлік таратқан хабарламада.