Жетісу облысында жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінісі 29 мамырда Астана уақытымен сағат 02:14-те Жетісу облысы Ақши ауылының маңында тіркелді.

ТЖМ мәліметінше, жер асты дүмпуі сезілмеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылынан 11 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 478 шақырым жерде", — деп жазылған ведомство хабарламасында.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget