Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Шұғыл

Ризабек Айтмұхан Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды

Ризабек Айтмұхан Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалында ирандық Азарпира Амиралиге 0:5 есебімен есе жіберіп, күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарыс жолында отандасымыз ширек финалда әзербайжандық Магомедхан Магомедовты 12:2, ал жартылай финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Ахмед Тажудиновты 15:3 есебімен айқын жеңді.

Ал, Нұрқожа Қайпанов (74 кг) Ислам ынтымақтастығы ойындарында медальсіз қалды. 2024 жылғы әлем чемпионы қола жүлде үшін өткен белдесуде қырғызстандық Орозобек Токтомамбетевке есе жіберді.

Айта кетейік, Эр-Риядта өтіп жатқан турнирде ел қоржынында әзірге 15 алтын, 19 күміс және 21 қола медаль бар.