Павлодар облысында халықтың әлеуметтік осал тобына құрылысы аяқталмаған пәтерлер сатып алынған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақсу қаласында мұқтаж азаматтарға арналған 24 пәтер тұруға жарамсыз екені анықталған. Тексеріс барысында Ақсу қаласының Құрылыс бөлімі сатып алған пәтерлер әлі толық аяқталмағаны және азаматтардың тұруына дайын емес екені белгілі болған.

"Құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысының заңсыз әрекеттері салдарынан мемлекетке 50 миллион теңгеден аса залал келді. Ақсу қаласының ауданаралық соты оны екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ", — деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget