Қазақстан әлемдік зейнетақы рейтингінде бірден 8 сатыға жоғарылап, Қытай, Сингапур, Испания және Түркияны басып озды. Осылайша 71 елдің ішінде 26-шы орынға тұрақтадық.
Көш басында Дания, Нидерланды, Швеция және Жапония болса, соңғы үштікті Лаос, Малайзия және Шри-Ланка түйіндеді. Әлемдегі ең ірі сақтандыру компанияларының бірі «Allianz» жариялаған жаһандық зейнетақы есебіндегі бағалау жұмыстары үш субиндекс бойынша жүргізілді. Бірінші субиндексте демографиялық өзгерістердің қарқынына, мемлекеттік қарыз бен жалпы өмір сүру деңгейіне баға берілді. Екіншісінде зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы ескерілді. Үшінші өлшем бойынша егде жастағы азаматтарға зейнетақы көлемінің өмір сүруге қаншалықты мөлшерде жеткілікті болатыны бағаланды.