Дональд Трамп шатдаунға байланысты жұмыс орнын тастап кеткен әуе диспетчерлеріне айыппұл төлетпек. Бұл туралы Блумберг агенттігі хабарлады. Ал қызметте жүргендерге Ақ үй басшысы 10 мың доллар көлемінде сыйақы төлейтінін айтты.
1 қазаннан бері АҚШ-та 15 мыңнан астам әуе диспетчері мен көлік қауіпсіздігі қызметкері айлықсыз қалды. Басым бөлігі жұмысқа шығудан бас тартқан. Мамандардың жетіспеушілігінен 6 мыңнан астам рейс кешігіп, 2 мыңға жуығы тоқтады.
Еске салайық, кеше АҚШ Сенаты шатдаунды алып тастау туралы заң жобасын қабылдады. Құжатты 60 сенатор қолдап, 40-ы қарсы шықты. Енді құжат Өкілдер палатасына жіберіледі. Одан кейін президент Дональд Трамп қол қоюға тиіс. Үкіметті уақытша қаржыландыру 30 қаңтарға дейін жалғасуы керек. Алайда бюджетті бекіту үдерісі әлі бірнеше күнге созылуы мүмкін.