Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни күндер кестесін ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басқарманың баспасөз қызметінің хабарлауынша, хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтеріне сүйене отырып жасалады.

«Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді», делінген хабарламада.

1