Алматыдағы крематорий әкімдіктің бейінді ұйымының балансына берілді, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқауын орындау мақсатында Алматы әкімдігі 2021 жылы салынған крематорийді қалалық әкімдіктің ведомстволық бағынысты бейінді ұйымының балансына берді.

"Әкімдіктің 2025 жылғы 17 қазандағы қаулысымен нысан Құрылыс басқармасының балансынан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро" ШЖҚ КМК балансына берілді. Крематорий жұмысы ресми басталатын күн барлық нормативтік рәсім аяқталғаннан кейін жарияланады", — деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget