Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур ойынында 3 ұпай қос командаға да ауадай қажет, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық "Қайрат" пен Кипрдің "Пафос" футбол клубтарының кездесуін Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Ойын барысында Дастан Сәтпаевқа сары қағаз берілді.

Сонымен қатар, қақпашы Темірлан Анарбеков тағы да жарақат алды. Дегенмен, ол қауіпті соққыдан кейін командасын құтқарып қалды.

Дәрігерлердің көмегінен соң «Қайрат» қақпашысы ойынды жалғастыра алды.