Ұлытау облысында жылына 1 млн 200 мың көшет өсірілетін тұқымбақ салынып жатыр.
Ол Жаңаарқа кентінде орналасқан. Құрылысқа республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді. Қазір мердігерлер аумақты қоршап, қызметкерлерге арналған модульдік кешендер мен зертхана құрылысын жүргізіп жатыр. Айта кетейік, бұл өңірдегі көшет өсіретін алғашқы нысан. Келер жылдан бастап мұнда өңір климатына бейім қылқан жапырақты, жұмсақ жапырақты және бұта тәрізді ағаш тұқымдары өсіріледі. «Дайын көшеттер Қараағаш орман шаруашылығына жіберіледі және өңірді көгалдандыруға пайдаланылады», дейді мамандар. Президент тапсырмасы бойынша Ұлытау аймағында 2027 жылға дейін 18 млн түп көшет егу жоспарланып отыр.
Абзал Ахметбеков, табиғи ресурстар және тпр басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- 1 млн 200 мың ағаш егу жоспарланған әр жыл сайын. Ағаш егу жоспарланған мәселесі Ұлытау облысын ағашпен қамтамасыз ету қала-аудандарын. Жасыл желектерді көбейту, экологиялық ахуалымызды жақсарту болып табылады.