Өзгенің өмірі үшін өз басын қауіпке тігуге дайын азаматтардың кәсіби мерекесі.
Еліміз тәуелсіздік алған тұстан бері құтқарушылардың арқасында миллионға жуық азаматқа көмек көрсетілді. Қостанай және Абай облыстарындағы орман өрттері, көмір шахталарындағы техногендік апаттар мен алапат су тасқыны сынды ауқымды деңгейдегі төтенше жағдайлар қысқа уақытта шешімін тауып, зардап шеккен тұрғындардың басым бөлігі қауіпсіз орындарға көшірілді. Нәтижесінде соңғы 5 жылда төтенше жағдай кезіндегі адам өлімі 30 пайызға қысқарды. Түркия, Ауғанстан, Қырғызстан елдерінде орын алған табиғи апат кезінде де отандық құтқарушылар жасағы оқиға орнынан дер кезінде табылып, қауіпке ұшыраған азаматтарға 50-ге жуық гуманитарлық көмек көрсетті.
Кеген Тұрсынбаев, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің қолдауымен соңғы екі жылда Министрліктің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайтылды. 800-ден астам техника және 20 мыңнан астам құралдар мен жабдықтар, алғаш рет ұшақтар мен басқа да әуе кемелері сатып алынып, 25 өрт сөндіру депосы мен құтқару станциялары салынды. Былтырдан бері тез, үнемді әрі сапалы принципімен объектілер салынып жатыр".