Пәкістан мен Ауғанстан билігі шекарадағы қақтығыстарды тоқтату туралы уақытша келісімге келді .
Бітім Астана уақытымен кешкі 6-да күшіне енді және 48 сағатқа жалғасады. Пәкістанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар қақтығысты бейбіт жолмен шешуге ниетті. Айта кетейік, бұған дейін Пәкістан әскери ұшақтары Ауғанстан астанасы Кабулға әуе соққысын жасаған болатын. ((Al Jazeera)) Аль Джазира агенттігі Таймани ауданында төрт зымыран жарылып, үлкен өрт шыққанын хабарлады. Шекарадағы жағдай Пәкістан үкіметі Талибаннан өз аумағында шабуыл жасайтын содырларға қарсы шара қолдануды талап еткеннен кейін ушыққан.