Шымкентте досымен бәстескен азамат 26 қалам жұтып, ауруханаға түсті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алайда бұл әрекет көп ұзамай оның өміріне қауіп төндірген. Асқазан-ішек жолдары қатты ауырған 38 жастағы тұрғын дереу №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
"Дәрігерлер науқасты тексеру барысында оның асқазанында көптеген бөгде зат барын анықтаған. Мамандар эндоскопиялық әдіспен 26 қаламды сәтті алып шықты. Ота екі сағатқа созылып, хирургиялық кесу әдісі қолданылмады. Қазір науқастың жағдайы жақсы, ол бақылаудан кейін үйіне шығарылды", — деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы өкілі Massaget.kz-ке.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!