Спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желіде жазба жариялап, Қазақстан құрамасында қазақтілді бапкер болу керек деген бастама көтерді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, бапкер қазақ тілін білу керек, жоқ дегенде қолданыстағы сөздерді білгені дұрыс.

"Қазақстан құрамасында қазақтілді бапкер болу керек. Қазақша білмегенің өзінде, 4-5 қазақша сөзді жаттап, қолданысқа енгізгені абзал. Бұл Амангелді Сейітханның сөзі. Оны бірер жыл бұрын осы Талғат Байсуфиновқа айтқан екен. Солтүстік Македония төрінде марқұм ағамызды еске алып, әлгі цитатасын талқылап тұрмыз.

Жалпы тілге қатысты әңгіме жай пафос үшін емес. Негізі бір тілде сөйлей алатын, бір тілде ойлай алатын, жалпы бір толқында бола алатын команданың алар асулары биік. Оны бас бапкердің өзі де растап отыр. Кеше бұндағы баспасөз мәслихаты толықтай қазақша өтті. Жаттығудағы пәрмендер, матчтағы тапсырмалар, бәрі-бәрі өз тілімізде. Яғни, ұлттық құрамаға қазақша рең кірді. Оның артында қазақтың рухы мен қазақтың жігері жатыр. Сондықтан, жігіттерге сәттілік тілейміз. Қандай нәтиже болмасын, осы бапкерді құрамада көбірек ұстау керек. Спорттық нәтижені көре жатармыз. Ал, отандық футболға қазақ тілінің қазығын қағып, қарагөздерді көбірек тартып, ұлттық мүддемізді түгендеуге қосар үлесі көп!", — деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аслан Каженов (@kazhenov.aslan)