Қатар АҚШ-пен қатынасты үзбейді. Керсінше Құрама Штаттарымен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтады.
Бұл туралы Американың мемлекеттік хатшысы мен Қатар әмірінің кездесуінде айтылды. Марко Рубио,Тамим бен Хамад Әл Таниді Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөзге арағайын ретіндегі миссиясын жалғастыруға шақырды. Айта кетейік, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Дохаға Израильге сапарынан кейін барды. Ол еврей армиясының Қатар астанасына жасаған шабуылын айыптады. Осыған дейін Президент Трамп та енді мұндай жағдай қайталанбайды деген болатын.