Ұлытауда тазалық айлығы жарияланды, деп хабарлайды 24kz.

Алғашқы күні-ақ 7000 адам қатысып, 2000 тоннадан астам қоқыс шығарды. Облыс бойынша 105 арнайы техника жұмылдырылды. Мысалы, Жезқазғанда Кеңгір су қоймасының айналасы күл-қоқыстан тазартылды. Барлық елді мекенде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін арнайы кесте түзіледі. Талазылқ шарасына мекемелер мен еңбек ұжымдары атсалысады.

Роза Момышова, Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:

- Мұндай акция қоршаған ортаны тазалаумен қатар тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да үлкен үлес қосады. Тазалық шарасына қатысушылардың көптігі бізді қуантады, әрине. Бүгін қарапайым тұрғындардан бөлек, 976 ұжымнан адам қатысты. Нәтижесінде 430 гектардан астам аумақ тазартылды.