Сауд Арабиясында алкоголь сатуға рұқсат беріледі. The Guardian басылымының мәліметінше , Эр-Риядта дипломаттар тұратын ауданда алғашқы дүкен ашылады. Бірақ мұнда жергілікті тұрғындарға кіруге рұқсат жоқ. Алкогольді ішімдік тек шетелдік туристерге сатылмақ. Биліктегілер: «Осы арқылы елдегі ішімдіктің заңсыз саудасын тыямыз», – деп отыр.
Айта кетейік, Сауд Арабиясында алкогольді ішімдік сатуға 1952 жылы тыйым салынған еді.