Медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салуда Жетісу артта қалды .
Жыл аяғына дейін әлі 40 орталықты пайдалануға беріп үлгеру керек. Қарағанды облысы да соңғы қатарда. Онда 27, ал, Алматы өңірінде 19 денсаулық сақтау мекемесі салынып бітуі тиіс. Жалпы, ауылдарды қажет медициналық ұйымдармен қамту жағы жаман емес. Президент 3 жыл бұрын 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын соғуды тапсырған болатын. Соның 540-ы дайын. Ал кестеден кешігіп жатқан ғимараттарға қатысты сала министрі орынбасарының былай деді.
Тимур Мұратов, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
- Бұл облыстың да, министрліктің де бірлескен жұмысы. Дегенмен аталған облыстарда құрылыс жұмыстарының баяу жүріп жатқанын көріп отырмыз. Әкімдік, әкім орынбасары, құрылыс басқармасымен қажетті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Жалпы құрылыс жұмыстары толық қаржымен қарастырылған. Жетісу облысының ерекшеліктері бар. Кейде тауды жерде орналасқандықтан жерді ауыстыру керек болды. Дегенмен осы жылдың аяғына дейін толық аяқтаймыз.
Медициналық мекемелерден бөлек ауылдағы қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді 20 пайызға төмендету көзделген. Инфаркт, инсульт, жарақат және басқа жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін «Алтын сағат» қағидаты сақталауы тиіс. Сондай-ақ қосымша 4 млн-нан аса тұрғынды мамандандырылған медициналық көмекпен қамтуға күш салынып жатыр. Тағы елдімекендердегі медициналық кадрлар санын 85 пайызға дейін арттыру жоспарланған. Денусаулық сақтау нысандары үшін 1 мың 100 қызметкер даярланады.